Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

суббота, 14 марта 2020 г.


Аудан кітапханалары: атқарылған жұмыстың қортындылары мен дамытудың нақты бағыттары
(семинар-кеңес)




  Аудандық кітапхананың оқу залында кітапханашылардың «Аудан кітапханалары: атқарылған жұмыстың қортындылары мен дамытудың нақты бағыттары» атты I тоқсанның қорытындылау семинар-кеңесі өтті.
Семинар-кеңесте ауыл кітапханашылары «Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің директорының лауазымына жаңадан тағайындалған Абишева Алма Сапарқызымен танысты. Жаңа жетекшіні ұжымға кітапхана әдістемешісі Г.Абдрахманова таныстырды. Бұл семинар-кеңес барысында кітапханашылар алдағы атқарылатын жұмыс бағыттары мен жоспарларын пысықтап алды.
Сондай-ақ, отырыс барысында кітапхананың негізгі бағыттағы жұмыстарын орындауға қатысты маңызды мәселелер айтылды. Жалпы кітапханалардың ағымдағы жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық базасын жаңарту байланысты мәселе талқыланды. Кітапхана жұмысы туралы пікірлер тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Кітапхана ұжымы А.А.Сапарқызына жаңа лауазымымен құттықтап, зор денсаулық, отбасына амандық, жұмысына шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. 
Ә.АҒЫТАЕВ,
аудандық кітапхананың қызметкері.


Комментариев нет:

Отправить комментарий