Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

вторник, 14 июня 2016 г.


Чернобыль жаңғырығы -  жадымызда


        Биыл әлемді дүр сілкіндірген Чернобыль апатының тарихтан орын алғанына 30 жыл толып отыр. Апаттың зияны, тартқызар азабы табиғат үшін де, адамзат баласы үшін  де оңайға түскен жоқ. Осы даталы күнге орай аудандық Қ.Жармағамбетов атындағы кітапхананың оқу залында «Чернобыль жаңғырығы - жадымызда» тақырыбында дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – сол апатқа қатысқан жерлестеріміздің ерліктерін бүгінгі жас ұрпаққа таныстыру, насихаттау. 
        Сол кездегі әскер қатарында жүрген жауынгерлер Ануарбек Ғалымұлы, Жақсыбай Ғалымжанұлы, Еркін Төремұратұлы өз көздерімен көрген қасіретті, сол жердегі жағдайды оқырмандарға баяндап берді. Апатқа қатысушы Олег Жоламанұлы денсаулығына байланысты жұмысқа келе алмау себебіне орай өз ойын экран арқылы айтып берді.
       Жалпы сол, 1986 жылғы 26 сәуірде орын алған оқиғаны уақытында залалсыздырмағанда оның азабының да көп болатынын, бірақ, сол кездегі Одақтық бірігіп күш шығарып, бір адамдай жұмылғанының арқасында тез тоқтатылғанын қонақтар әңгімелеп берді. Шара барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
       Сондай-ақ жұмысқа қатысқан аудан әкімі  Асқарбек Ахметбекұлы, «Нұр Отан» партиясы Жангелдин аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Рауыл Қамбарұлы, Торғай селосының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылқыбай Мирақайұлы, ардагер Тыныштық Әбжамалұлы өз ойларын айтты.
       Жұмыс шараның соңында аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлы Чернобыль апатының ардагерлеріне алғыс айтып, сый-сияпат көрсетті. Жұмыс шараны ұйымдастырып, өткізген кітапханашы Венера Батырова барлық қатысушыларға ұжым атынан алғыс айтып, лебізін білдірді. Жұмысқа оқырмандар, мектеп оқушылары қатысты.
                                                                            Г.ШАЙМЕНОВА,
                                                                                                кітапханашы.
   Азаттық жырының ақтаңгері


       Қ.Жармағамбетов атындығы аудандық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпы ұлттық оқылымға таңдалған қазақ жырының дүлдүлі, адуанды ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Азаттық жырының ақтаңгері» атты жыр сағаты ұйымдастырылды.
       Шараның мақсаты – қазақ халқының төл әдебиетін, мәдениетін құрметтеуге баулып, ақынның лирикалық өлеңдерін, толғаулары мен дастандарын насихаттау.
       Дулат Бабатайұлының «Сандықтас», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Қайғылыны уаттым», «Ата қоныс арқада», «Асқар таудың сәні жоқ», «Ақтанға», «Бір патша», «Біреуге», «Алладан сұрап иманды» өлеңдерін, «Еспембет» дастанынан үзінді А.Қабылбек, А.Манабай, С.Нариман, А.Жұмабек, А.Сапарова, Г.Көпжасар, А.Жанмұрат, А.Елубай, Д.Әбеу нақышына келтіріп оқып берді.
       Сонымен қатар, «Ақындықтың дара тұлғасы» тақырыбында слайд пен видеороликтер көрсетілді.
                                                                                 В.БАТЫРОВА,
кітапханашы.