Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

вторник, 27 ноября 2018 г.


«Ұлы даланың жеті қыры»
атты кітап көрмесі


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында аудандық Қ.Жармағамбетов атындағы кітапхананың оқу залында кітап көрмесі шығып, кеңінен таныстырылды. Осындай үлкен маңызы бар мақалада Елбасы тарихи сананы жаңғыртудың басты бағыттары  мен төл тарихымызға мүлдем жаңа көзқарас ұсынып отыр. Біз халқымызға өзіндік тарихымызды қайтаруымыз керек, оны қалың елге, әсіресе жастарымызға жеткізуіміз керек.  
«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлттық тарихымызды терең және объективті түрде тануға жаңа бағыт-бағдар болатыны анық. Осы бағытта біз қазақтың түп-тамырын білуіміз хақ!»,- дейді кітапханашылар. Бұл көрме оқырмандар тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Әмірхан АҒЫТАЕВ, 
аудандық кітапхана.
                                                     

понедельник, 26 ноября 2018 г.


Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында


Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыру


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық кітапхананың оқу залында екі бөлімнен тұратын «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыру» атты кітап көрмесінің тұсау кесері өтті.  Бұл көрмемен оқырмандар жыл бойы таныса алады.
С.ОМАРОВА,
балалар кітапханасының 
кітапханашы.


Тарихы құнды,
болашағы нұрлы Қазақстан


"Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан" атты кітап көрмесі

Кітапханашы Іскендір Гүлнар жас оқырманды көрмемен таныстыруда.

Аудандық балалар кітапханасының оқу залында «Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан» атты кітап көрмесі қойылды. Көрменің бірінші бөлімі «Бірлік пен берекенің бесігі Қазақстан» ал, екінші бөлімі «Мәңгілік ел идеясы – ұлттық ұлы мұраты» атты кітап көрмелері шығарылып, тың материалдармен толықтырылып отырады.

Г.ІСКЕНДІР, 
балалар кітапханасының кітапханашы.





Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында



«Кітап рухани байлықтың қайнар көзі»

атты ақпараттық сағат



       Аудандық кітапхананың оқу залында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «100 кітап» жобасын насихаттау барысында «Кітап рухани байлықтың қайнар көзі» атты ақпараттық сағат өткізілді. Оған мектеп оқушылары қатысып, өздерінің оқыған кітаптары туралы ойларымен бөлісті. Ақпараттық сағатта кітап туралы сахналық көріністерін көрсетті.
Аудандық кітапхана.

четверг, 1 ноября 2018 г.


Жомарт жүрек

Ақынның портретін сыйға тарту етті





























Торғайдың тумасы Жұмаханұлы Жасұлан бауырымыздың қолынан шыққан ақын, жазушы, аудармашы Қайнекей Жармағамбетовтың портреті бейнеленген суретті, баласының аманатын арқалап оның анасы Таутабаева Танагүл аудандық Қ.Жармағамбетов атындағы кітапханаға келіп сыйға тарту етті. Естеріңізде болса, Жангелдин ауданының 90 жылдығына орай «Шежірелі Торғайыма мың тағзым» атты жеке шығармашылық көрмесі өтіп, сонда көпшілікке көрсетілген болатын. Жас талант иесінің кітапхана ұжымының атынан алғысымыз шексіз. Өнерің өрге өрлей берсін! Қаламыңнан майлы бояу таусылмасын!
Ә.АҒЫТАЕВ,
аудандық кітапхана.









Рухани жаңғыру – Торғайдың киелі жерлеріне 
нұрын шашты

«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсыры бойынша, «Жалын» Жангелдин аудандық жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Торғайым алтын бесік тербетілген» атты жобасы шеңберінде, аудан жастарының Торғайдың киелі жерлері мен қасиетті нысандарына экспедициялық саяхаты


Туған жер деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің перзенті. Туған жерге деген сезім мен махабаттың өлшемі шексіз. Осы бір ерекше шексіз сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарытып, осы сөздің ұғымын кең мағынасында түсіндіру. Сондықтан, ауданның киелі орындарының картасына енгізілген нысандарды тереңдете білу, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастырады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша, «Жалын» Жангелдин аудандық жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Торғайым алтын бесік тербетілген» атты жобасы шеңберінде жастар экспедициясы қазан айының аяғында Торғайдың киелі орындарына өз саяхатын бастады. Құрамында мұражай, мәдениет саласының қызметкерлері бар экспедиция аудан орталығынан таң алдында жолға шықты. Қабырға өзенінің арнасын асып, бір топ жастар киелі жерлерді А.Байтұрсынұлы атындағы (бұрынғы Қарасу) ауылына жол тартты.  Бұл маңда ұлтымыздың көсемі Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген үйі бар. Күннің нұры Ахаңның туған үйіне сәулесін жарқырай шашып, ақ таңмен бізді шырайлы қарсы алды. (бұған өз алдына бөлек материал дайындауды жөн санаймын. – авт.) 
А.Байтұрсынұлының дүниеге келген үйі
Сол жерде Байтұрсынұлының туыстары жерленген, сол беткейге қарама-қарсы ақынның жары Бәдрисафаға арналған мемориальдық ескерткіш тұр, алайда нақты қай жерге жерленгені әлі күнге дейін белгісіз дейді. Бұл жерде ауыл ақсақалдары және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, Ахаңның тікелей ұрпағы Жақсымбеков Әбсалық қария алаш көсемінің өмір жолы туралы әңгімесін баяндап берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында киелі нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында А.Байтұрсынұлының туған үйі қайта күрделі жөндеуден өтіп, жан-жағындағы қоршауы кеңейтіліп, ағаш көшеттері отырғызылып, тас төселсе. Ахаңның туыстары жатқан қорымды да қоршауға алу қажет-ақ. Міне, осыған ел азаматтары мен аудан жастары қолдау көрсетсе дейді,- Әбсалық ақсақал.
Қазыбай әулие кесенесі
Ия, расымен «жұмыла көтерген жүк жеңіл»,- демекші бәріміз бір кісідей бірігіп, жұмыс жасасақ, мәдени-тарихи орындарымызды қалпына келтіріп, оның ілгерілеуіне үлес қосқанымыз.
Келесі бағытымыз Аралбай ауылының маңындағы орналасқан киелі орындарының бірі XVII-ші ғасырда құрылған Қитаба қыпшақ Қазыбай әулие кесенесі. Ол шамамен XVII-ші ғасырда өмір сүрген. Қазыбай әулие жол бойында «Баянтанат» жерінде дүниеден өтеді. Қазыбай ауырып, көшін ереуілдетіп, маңайындағы ағайын-туыстарына:
- Менің бір-екі күндік қана ғұмырым қалды. Өлсем мені осы жерге жерлеңдер,- депті.
 Ағайын-туыстары:
- Сіз болсаңыз атыңыз бар адамсыз. Жақын жердегі қорымға қалмақтың (есімі белгісіз) бір әулие ару жерленіпті, деп қарсылық білдіреді.
Сонда Қазыбай әулие:
- Оған қам жемеңдер. Кімнің әулиелігі басым болса, соның атымен аталар,- деген ел аузында аңыз-әңгімелер де бар. Қазір сол орын «Қазыбай қорымы» деп аталып кеткен. Қорым басына ауру жандар келіп түнеп – ауруынан айығады. Қарасан, топалаң тиген малдарды да аластайды. Бүгінгі күні бұл кесенеге көптеген адамдар келіп, әулие жер екендігіне сеніп, басына түнеп дұға бағыштайды дейді,- Қазыбай әулие кесенесінің шырақшысы Аралбай ауылының тұрғыны Мекебаев Серік ағамыз. Экспедицияның белді мүшесі, жол нұсқаушы «Торғайдың мұражайлар кешені» МКК-нің директоры Гүлбану Сәрсекеева кейбір киелі жерлер мен орындар туралы толық мәліметтердің әлі де болса аздығын алға тартты. Жүретін бағытымызға жол сілтеп Торғай жақ бетке қарай саяхатымыз жалғасын тапты. Кезекті нысан жерлестер үшін киелі орын Шұбалаң ауылында Баймырза әулие Теңізбайұлының кесенесі. XIX-ғасырда өмір сүрген әрі батыр, әрі емші ретінде елге даңқы жайылған. Тас жолдың бойында, Қалам-Қарасу ауылының тұсында экспедицияны Тұрмағанбетов Қанат ағамыз бастаған азаматтар қарсы алып, әулиенің кесенесіне жол көрсетіп апарды. Әулие жерленген жалпы қорымға құран бағыштап қол жайдық. Ақышов Балғабай ақсақал Әулие жайында әңгімелерін өрбіте айтып берді.  


– Бұл кісіні батыр дейтініміз, Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті басқарған, Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күрескен. Емшілік қасиеті бақилық болғаннан кейін де мұқтаж жандарға шипа болып келеді. Мазардың басына түнегеннен кейін құлантаза айығып оралады деген ел аузында аңыз-әңгімелерде  бар дейді,- Тұрмағанбетов Қанат.
Күн бата экспедиция Торғай жақты бетке алып жүріп кеттік. Сонымен, бір күнге белгіленген «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында «Торғайым алтын бесік тербетілген» атты жобасы шеңберінде жалпы 7 нысан қамтылуы тиіс болған. Алайда уақыттың тығыздығы мен нысандар арасындағы жолдардың қиырлығына байланысты киелі орындардың бәрін бір күнде көру мүмкін болмады. Ауа-райы қолайлы болып тұрса туған жердің киелі орындарын аралауға экспедициялық саяхатымыз жалғасын таба жатар. «Жалын» Жангелдин аудандық жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Омаров Жомарт әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға жастардың қатысуына ықпал ету қажеттілігін атап өтті. Қазір кейбір жастардан сұрасаң, туған жердің киелі жерлері мен орындарын білмей жатады. Мұндай жобалар осындай олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған. Негізгі мақсат – аудан жастарын туған жердің тарихи мұрасымен таныстыру, патриоттық сезімдерін оятып бойларына дарыту. Тарихымызды зерделеп, қасиетті орындарды жадымызда сақтап қала аламыз дейді. 


Баймырза әулие Теңізбайұлы кесенесі
Ұйымдастырушылар жастарды автокөлікпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, пайдалы экскурсия жүргізуді көздеген. Экспедициялық топ аудан көлемінде киелі нысандар картасына енген тарихи орынның үшеуімен танысып, қалған төрт нысанды кейінге жоспарлап отыр. Еске сала кетсек, Торғайдың киелі жерлері географиясы жобасына 7 нысан кірген болатын. Олар А.Байтұрсынұлының туған үйі, «Татыр шайқасы» белгісі, М.Дулатұлының бейіті, Тілеп Аспантайұлы бейіті, «Албарбөгет» бөгеті, Қазыбай әулие мен Баймырза әулие Теңізбайұлының кесенелері.

"Татыр шайқасы" белгісі
Ия, расымен туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған қоса сол өлкеде халқына пана бола білген, еле есінде қалған қаншама біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Елбасының «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында. Әсіресе, Торғай жерінде тектілердің ізі сайрап жатыр. Олардың әрқайсысына назар бөліп, тұтас елге таныстырып, жас ұрпаққа насихаттау қажет. Мәдени-тарихи орындарымызды қалпына келтіріп, оны әрі қарай қорғап келешек ұрпаққа жеткізу бізге аманат.

P.S. Айта кетсек, бірер күннен кейін «Торғайым алтын бесік тербетілген» атты жобасы шеңберінде жастар экспедициясының саяхатына тұспа-тұс келген «Татыр шайқасы» белгісінің жаңартылып ашылуы салтанаты өтті. Бір топ жастар киелі жерді тамашалап, тарихымен танысып қайтты. Бұл жерде қара халық «Зеңбірікке шоқпармен қарсы шығып», патша үкіметінің әскеріне тойтарыс берген алғашқы ірі шайқас еді. Негізінде, бұл көтерілістің басында Карбоз Қабақұлы, Бек Сарманұлы, Қияқбай Үркімбайұлы, Омар Тынымұлы секілді жергілікті азаматтар тұрды. Осы кісілер ауыл жастарынан жасақ құрған еді,- дейді жергілікті тарихшылар. «Татыр шайқасы» ескерткіші 1916 жылғы ұлт-азаттық күреске қаны төгілген сарбаздар рухына арналған. Өткен тарихты жаңғырту, біздің басты мақсатымыз болуы керек.

Әмірхан АҒЫТАЕВ,
аудандық кітапхананың қызметкері,
«Торғайым алтын бесік тербетілген»
жобасы экспедициясының мүшесі.








суббота, 29 сентября 2018 г.


«Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің 2018 жылғы жетістіктері

«Кітапхана ісінің шебері» атанды

Аудандық кітапхананың әдістемешісі
 Г.Абдрахманова
      «Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-сінің әдістемешісі Абдрахманова Ғализа Жәкішқызы «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!!!


«Жангелдин ауданына 90 жыл» мерекелік медалі 
мен төсбелгісінің иегерлері  



        «Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің директоры Қабдуалиева Роза Сұлтанқызы мен кітапханашы-бағдарламашы Ағытаев Әмірхан Бақтыбайұлы «Жангелдин ауданына 90 жыл» мерекелік медальмен марапатталды. Сондай-ақ, осы мекеменің әдістемешісі Г.Абдрахманова, кітапханашылар В.Батырова, Г.Шайменова, Тәуіш ауылдық кітапханасының кітапханашысы Д.Баймолдина, Ақшығанақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы О.Аяғанова, Збан ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Шамшенова, Милісай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Қазиханов «Жангелдин ауданына 90 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

четверг, 27 сентября 2018 г.


Астананың 20 жылдығына орай

Астана  - арман  қала


Астананың 20 жыл  толуына орай  аудандық  балалар кітапханасында балалардың  қиялындағы болашақтағы астана туралы «Астана  - арман  қала» атты сурет салу кеші ұйымдастырылды. Оған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 4 сынып оқушылары мен оқырмандар қатысты. 
Г.ІСКЕНДІР,
 кітапханашы.

четверг, 30 августа 2018 г.


Конституция күні қарсаңында


Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуына міндетті. Оқушылардың қосымша ақпараттармен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, патриоттық, адамгершілік, ұлттық, құқықтық тәрбие рухында тәрбиелеу. «Ата  Заңым - ардағым» атты  кітап көрмесі шығарылды.

А.МЫРЗАҒАЛИЕВА,
кітапханашы.

среда, 22 августа 2018 г.


Ертегілер еліне саяхат


Жаздың жайма шуағында, таза ауада кітап оқығанды ұнататын оқырмандарға ертегілер дауыстап оқылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сүйікті кітаптар әлемінде саяхат жасап «Жұмбақтар сыр шертеді», «Ертегілер еліне саяхат» әдебиет кейіпкерлерін еске түсіруге өз септігін тигізді. Кітаптар көрмесіне жаңадан келген танымал балалар әдебиеттері көрініс тапты. Оқырман назарына түрлі жанрдағы қызықты кітаптар, газет-журнал басылымын ұсындық.
С.ОМАРОВА,
кітапханашы.

среда, 18 июля 2018 г.


Кітапханалық сабақ



Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің жанындағы «Күншуақ» лагерінің балаларымен «Жақсы кітап жан азығы» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Балаларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.
С.ОМАРОВА,
 кітапханашы.


суббота, 7 июля 2018 г.


Астананың 20 жылдығы


Астана күніне кітап көрмесі



         Астана - тарихтан ерекше орын алып, қарыштап дамыған мемлекеттің, әрі мәңгілік достықтың символына айналды. Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Шақшақ Жәнібек алаңына «Арқа төсіндегі ару қала – Астана»  атты кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.
В.БАТЫРОВА,
Кітапханашы.


среда, 4 июля 2018 г.


Шебер қолдар үйірмесі



 Асыға күткен  жазғы демалыс та келіп жетті. Осы орайда балалар кітапханасында «Шебер қолдар» үйірмесі жалғасын тапты. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, креативті әрі заманауи қолөнерге баулуды мақсат тұтқан аталмыш үйірмеге  балалар  ерекше қызығушылық танытты.

С.ОМАРОВА,
балалар кітапханасының кітапханашы.

вторник, 12 июня 2018 г.


Даналық  әліппесі


Аудандық балалар кітапханасына, Сужарған ауылының бастауыш мектеп оқушылар саяхаттап қонаққа келді. «Даналық әліппесі» инновациялық сөйлейтін қаламмен түрлі ертегілер, оқу-тәрбиелік мәні бар кітаптарды тыңдады. Сонымен қатар, жұмбақ сайысына қатысып, «иә - жоқ» ойынын ойнады. Кітап біздің рухани сарқылмас асыл қазынамыз. Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, құрметтеп жүрейік. Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге оқиық сіздерді кітап оқуға шақырамыз,- дейді кітапханашылар. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, дауыстап кітап оқып, әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды.

Г.ІСКЕНДІР,
балалар кітапханасының 
кітапханашы.

четверг, 7 июня 2018 г.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында


«Жаңғырған өлкем, жасампаз Торғай!»
атты Жангелдин ауданының
кітапханаларының күні



Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымызда түрлі ісі шаралар жалғасын табуда.  Соның бірі Л.Н.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен облыс кітапханаларының күні жобасы болатын. Ондағы мақсат өңірдегі кітапханалардың жаңа жұмыстарының инновациялық түрлерін анықтау, әріптестерімен бөлісу және кітапхана мен кітап оқуға оқырманның ынтасын арттыру. Бұл жолы Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Жаңғырған өлкем, жасампаз Торғай!» атты кітапханаларының күні болып өтті. Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының алдындағы алаңда, көпшілік көретіндей орталық саябаққа кіре берістің сол жағынан Жангелдин аудандық кітапханасы қарт Торғайдың тарихынан сыр шерте отырып, өзінің көрмелерін жұртшылыққа жайып салды.



Онда ауданның құрылған кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі барлық тарихы: Торғайда кеңес үкіметінің орнауы, 30-шы жылдардағы алапат аштық, Ұлы Отан соғысы жылдары туралы библиографиялық көрсеткіш, Тың, социализмнің даму кезеңінен мағлұмат беретін театрландырылған композициялық қойылымдар, аудандағы Тәуелсіздік жылдарындағы қайта құрулар мен оның дамуы, Астананың 20 жылдығы туралы көрме көрсетілді. Іс-шараға облыстың барлық ОКЖ кітапханашылары, қала тұрғындары мен қонақтары, бұрынғы Жангелдин ауданының тұрғындары келді. Олардың ішінде Нағашыбай Мұқатов, Жандарбек Сейітов, Күлаш Сейітова, Сәрсенгелдин Қойшы және басқалар қатысты.







Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Роза Олжабаева бұл шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының шыққанна бір жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Торғай жері небір таланттарға бай өңір. Бүгінгі шарада соны жан-жақты паш еткені анық көрінеді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл Жангелдин ауданының құрылғанына 90 жыл толғалы отыр. Сонымен қатар Нұрхан Ахметбековтың 125 жылдығы, Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығы, Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы кең көлемде аталып өтпекші. Торғайлық кітапханашылар осы айтулы даталарды да молынан қамтыған, — деді Р.Олжабаева. Мерекелік іс-шара барысында әкелі-балалы композиторлар Бақытжан және Жанболат Сәуекеновтер, дүлділ әнші Отаркүл Мұқатова, жас әншілер Жасұлан Махатов, Байдос Қожасағиев Торғай әндерін әулете шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.




«Бойындағы бар жақсылық қасиеттері үшін мен кітапқа қарыздармын»,- деген екен бір ғұлама деп сөз бастаған зейнеткер, бұрынғы мәдениет қызметкері Сәрсенгелдин Қойшы ағамыз былай деп сөзін жалғастырды. Осыдан алпыс жыл бұрын ба екен, ол кезде мен алтыншы сыныпта оқимын. Аудандық кітапханаға алғаш барып кітап алғым келді. Әлі есімде, Зылиха деген апамыз кітапхананы аралатып, «Он бес жасар капитан» деп аталатын кітапты қолыма ұстатып, «Балам, осы кітапты оқып шық», деді. Менің кітапқа деген ұлы махаббатым содан басталған еді,- деп сонау бір балалық шақтағы кезеңдерінен тартымды естелік айтты. Нұрхан Ахметбековтың немересі Нұрханов Тойғанбол ағамыз да  атасы жайлы мағыналы әңгімесін өрбітті.









«Жаңғырған өлкем – жасампаз Торғай!» атты іс-шарасы күні бойы өз жалғасын тапты. Жангелдин ауданының кітапханашылары көрермендер мен әріптестеріне әдеби театрландырылған композициялық қойылымдар тарту етті. Онда «Торғайдағы зұлмат жылдар» әдеби диалог Баймолдина Дәметкен – Тәуіш ауылдық кітапханасы, «Азаттық аңсаған алаш арыстары» тарихи сағат Аяғанова Орынкүл – Ақшығанақ ауылдық кітапханасы, «Жеңісті жақындатқан Торғайлықтар» библиографиялық көрсеткіш Нұрғазина Майра ОКЖ библиографы, «Әнім сенсің тың далам» әдеби композиция – Бижанова Роза – Қызбел ауылдық кітапханасы мен Қазиханов Нұрлан – Милісай ауылдық кітапханасы, Н.Ахметбековтың 125 жылдығына арналған «Торғайдың топжарғаны Нұрхан ақын» әдеби қонақжай және Қ.Жармағамбетовтың 100 жылдығына «Таланты талайды тәнті еткен» әдеби кеш Шайменова Гүлбану ОКЖ кітапханашысы,  аудандық балалар кітапханасының «Шеберлікке шыңдар жол» клубының жұмысымен танысып, Астананың 20 жылдығына орай «Астанам! Ару қалам, асқақ ордам» көрме викторина Шамшенова Күлшат – Збан ауылдық кітапханасы дайындаған болатын. Тағылымды кешке келгендер қонақтар мен  қала тұрғындары торғайлықтардың қолынан шыққан ұлттық бұйымдар, көне жәдігерлер көрмесін тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Шара соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дастан Әбжамалов пен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Қабуалиевалар облыс орталығының оқырмандарына аудан тұрғындарының ыстық тілегін жеткізіп, торғайлықтардың атынан шексіз алғыстарын айтты.
Амирхан АГИТАЕВ,
Аудандық кітапхана.