Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

воскресенье, 23 февраля 2020 г.



           «2020 жыл – Еріктілер жылы»
              «Біз біргеміз!» акциясы аясында





«Жұмыла көтерген, жүк жеңіл»



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 жылды – Еріктілер жылы» деген болатын. «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» дейтін біздер, қандай да бір күрделі істі асар жасап атқаратын, ағайын-туыс, көрші-қоланың шаруасына көмек қолын созуды міндетіміз деп, жетімге пана, әлсізге қамқор болуды парыз деп санайтын қазақ үшін еріктілік жат ұғым емес. Көрсеткен қызметіне еш қайтарым күтпеу – қазақ үшін қанымызда бар қасиет.
2020 жылдың 22 ақпанында кітапхана еріктілері, еріктілер қозғалысының белсенді бейнесін дамыту және жүрмелі кітапхана жұмысын жандандыру мақсатында аудан орталығында тұратын көмекке зәру мұқтаж жандардың үйіне барып көмек көрсетті. Кітапхана еріктілерінің қолдарында жүректің сұлбасында «BIRGEMIZ» жазуы бейнеленген волонтер жылының логотипі мен плакатта жазылған «БІЗ БІРГЕМІЗ!» ұранымен, демалыс күні жұмыстарын бастап кетті. Кітапхана еріктілері тұрақты оқырман Молдабаев Байжан ағамызбен Маржанкүл апамыздың үйіне жағдай сұрай барып, көмек қолын созып, қандай да бір шаруаларына қол ұштарын беріп қайтты. Құр қол бармай, жолай дүкеннен жеміс-жидектер мен шай дастарханының тәтті заттарын ала барды. Сондай-ақ, жүрмелі кітапхана апарып, мерзімді басылым беттерінен елімізде болып жатқан жақсы жаңалықтарды оқып беріп, өз ойларымен бөлісті. Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқылып, биылғы жылы елімізде өтетін атаулы күндерді де хабардар етті.
Сонымен қатар, биылғы «Еріктілер жылының» мақсаты мен бағыттарын түсіндіре отырып, сыртта үйдің маңайын жинастырып, аула іштерін тазалап көмек көрсетті. Демалыс күнгі уақыттарын игі іске арнаған кітапхана еріктілеріне үй иелері алғыстарын жеткізді. Еріктілер жылында «БІЗ БІРГЕМІЗ!» акциясының басты мақсаты – қолға күрек алып, қарды тазалауға атсалысу ғана емес. Әрбір адам өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, көмекке зәру мұқтаж жандар мен жалғыз басты қарттардың үйін тазалап, аула, қора-қопсыларын жинап, аз қамтылған отбасының балаларын ойын-сауық орталығына апарып жатса, ол да пайдалы іс дейді,- ОКЖ директорының міндетін атқарушы Ғ.Абдрахманова. Ендеше, бәріміз жас ерекшеліктерімізге қарамай, мейірімділік пен қайырымдылық жасап, ақысыз көмекті өмір салтына айналдыруымыз қажет. Ең бастысы – ниет пен қолдан келетін іспен көмектесі. Әрі бұл қоғам үшін науқанды жұмыс болып қалмау керек. Кітапхана еріктілері өз белсенділіктерін көрсетіп қана қоймай, көмекке зәру жандарға қолұшын беріп, өмірлік маңызды дағдыларды дамыту барысындағы алғашқы волонтерлік жұмыстарының бастамасы. Бұл үшін біз ешкімнен қолпаштау күтпейміз. Өйткені біздің басты ұранымыз «БІЗ БІРГЕМІЗ!»
Әмірхан АҒЫТАЕВ,
аудандық кітапхананың қызметкері.