Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

четверг, 18 января 2018 г.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында өткен
Нұрхан Ахметбековтің 115 жылдығына орай



"Ақындардың дүлділі" атты жыр мүшәйрасы өтті

       Аудандық кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында, 12 қаңтар күні Қазақстанның халық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрхан Ахметбековтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ақындардың дүлдүлі» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. 
    Ақынның рухын тербетіп, оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығуды арттыруды, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Олардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын өлең өзегіне арқау ете отырып, қалың жұртшылыққа паш ету. Мүшәйраға 33 үміткер өлеңдерін тапсырды. Үміткерлер ақын Н.Ахметбековке арналған өлеңдерімен қоса, еркін тақырыпта 3 өлең тапсырды.


    2018 жылдың 12 қаңтарында өткізілген іріктеу кезеңінде әділқазылар алқасының мүшелері әрбір ұсынылған шығарманың тақырыбы жағынан байқау шартына сәйкестігін, идеялық мазмұны, көркемдік сапасына назар аударып, ақтық сынға  қатысатын 25 үміткерді іріктеп алған болатын. Мүшәйрада «Ақындардың дүлдүлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның өлеңдер, айтыстар және дастандар жинақтар кітабы, фотосуреттері қойылды. Онда көрмеге шолу және әңгімелесу өткізілді, оқырмандарға анонимді сауалнаманың сұрақтары ұсынылды. Сауалнамаға қатысқан оқырмандардың жартысынан көбі заманауи авторларды біледі және қуана-қуана оқитындарын жеткізді. Ақын Нұрхан Ахметбековтың немерелері Тойғанбол Мәлікзадаұлы мен Райхан Мәлікзадақызы сыйлы қонақ болып, келген оқырмандар мен мүшәйраға қатысушыларға ақынның өмірі жайлы терең, мағыналы мағлұмат берді. Ақтық сында әділқазылар алқасының мүшелері жыр мүшәйрасында оза шапқан жүлдегерлер мен байқау жеңімпазын анықтап, тиісті жүлделерді үлестірді. 
  Екі кезеңде де оқушылар әділқазылардың көңілінен шыға білді. 1-шіден өздерінің таланттарыменен, 2-шіден алған ақын өлеңдерінің мазмұны және оны нәшіне келтіре оқып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Жыр мүшәйрасына қатысушылардың өнеріне оқырмандар да тәнті болғанын жеткізді.
    

    
      Н.Ахметбеков атындағы арнай жүлдені - Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары - Қазым Батырұлан 9 сынып оқушысы және Бақытжан Ержан 3 сынып оқушысы иеленді. «Жас ақын» номинациясын ақын Нұрхан Ахметбековтың шөбересі Сейітбаттал Маржан - Ы.Алтынсарин орта мектебінің 6 сынып оқушысы иеленді.
    І орынды - Қабен Диана мен Сәбитбек  Ақбота Аманкелді орта мектебінің 10 сынып оқушылары және Тұрай Ерасыл -Ш.Уәлиханов атындағы орта  мектебінің 10 сынып оқушысы иеленді. ІІ орынды - Нұрмұхамед Бекзат Бауыржанұлы - Қ.Қойдосов мектебінің 9 сынып оқушысы. Ал ІІІ орынды - Бейсен Айкүміс Ы.Алтынсарин орта мектебінің 7 сынып оқушысы мен Тойшыбек Аяулым - Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысына бұйырды. Басқа мүшәйраға қатысушылар ақшалай жұбаныш жүлделеріне ие болды. «Ақындардың дүлдүлі» атты жыр мүшәйраның жеңімпаздары мақтау қағаздар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
  

    Кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында, өткен Қазақстанның халық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Н.Ахметбековтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ақындардың дүлдүлі» атты жыр мүшәйрасына қонақ болып ақынның немерелері қатысты. Сондай-ақ, оқырмандар, мұғалімдері және оқушылар барлығы 35 адам қатысты.     

       Қорытындылай келе қазіргі уақытта әдебиетті оқу дағдарысы байқалады, бұл компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуымен, ақпараттық технологиялардың өсіп келе жатқан әсерімен байланысты. Кітаптың күшті және агрессивті бірден-бір бәсекелесі – интернет, әлеуметтік желілер мен әр түрлі электронды баспалар. Әрине, жастар өздерінің виртуалды кеңістіктерінде көңіл көтеруді қалайды, сирек және аз оқиды. Осыған қарамастан, кітап оқу - жастардың қалауы бойынша соңғы орында емес. Сондықтан біз үшін оқырмандарды қызықтыру өте маңызды. Олардың кітапханаға келіп, кітап оқуы үшін, әр түрлі іс-шараларды жиі ұйымдастыру. Осы өңірден шыққан ақын жазушылардың шығармаларын кеңінен таныту. Олардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын өлең өзегіне арқау ете отырып, қалың жұртшылыққа паш ету. Оқырмандардың кітапхана мен кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
А.АГИТАЕВ,
аудандық кітапхана.