Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

среда, 7 октября 2020 г.

Кітапханашылардың медиясауаттылық

тренингі өтті

Өткен аптада шілденің 8-10 аралығында Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасы және ұйымдастыруымен Zoom платформасында аясында кітапханашылардың медиасауаттылық тренингі онлайн форматында өтті. Оған Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының кітапханашылары қатысты. Біздің аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен кітапханашылар Венера Батырова мен Әмірхан Ағытаев қатысты. Төрт облыстың кітапханашыларының басын қосқан тренингтің алғашқы күнін Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ашып, сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтті. Үш күнге созылған тренингі Украина мен Қазақстанның тәжірибелі жаттықтырушылары Хмельницкий орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» құралының авторы Тамара Козицька, Оксана Бондарь, белгілі медиажаттықтырушы Мейрамхан Жапек, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы Аманкелді Шүрентаев және Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Дариға Дюсибаева өткізді. Осы тренингте қатысушыларға ақпаратқа деген қажеттілікті табуды, тануды, медиа және басқа да ақпараттық дереккөздердің ақпараттары мен мазмұнын талдауды, ретке келтіруді және мұқият бағалауды үйренді. Медиа мазмұнды және оны пайдалану нұсқаларын түсіну және ақпаратты сыни бағалау туралы ақпараттар алды. Сонымен қатар «Медиасауаттылық және Fact-checking мәселесі», «Медиалық және ақпараттық сауаттылық негіздері» және де тағы да басқа тақырыпта дәрістер оқылып, кітапханашылардың сұрақтарына жауап беріп, берілген білімді бекіту мақсатында түрлі тапсырмалар беріп, тренингтің барынша қызықты өтуі үшін барын салды. Қатысушылар тапсырмаларды қызыға орындап, бір-біріне сын-сауалдарын да қоя алды. Тренинг соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен медиажаттықтырушыларға алғыстарын айтып, алған білімдерін, алған әсерлерімен бөлісті. Кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталатын болады. Негізгі бұл жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агентігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

                                                                                                                    Әмірхан АҒЫТАЕВ,                                                                               кітапханашы.