Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

вторник, 12 июня 2018 г.


Даналық  әліппесі


Аудандық балалар кітапханасына, Сужарған ауылының бастауыш мектеп оқушылар саяхаттап қонаққа келді. «Даналық әліппесі» инновациялық сөйлейтін қаламмен түрлі ертегілер, оқу-тәрбиелік мәні бар кітаптарды тыңдады. Сонымен қатар, жұмбақ сайысына қатысып, «иә - жоқ» ойынын ойнады. Кітап біздің рухани сарқылмас асыл қазынамыз. Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, құрметтеп жүрейік. Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге оқиық сіздерді кітап оқуға шақырамыз,- дейді кітапханашылар. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, дауыстап кітап оқып, әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды.

Г.ІСКЕНДІР,
балалар кітапханасының 
кітапханашы.

четверг, 7 июня 2018 г.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында


«Жаңғырған өлкем, жасампаз Торғай!»
атты Жангелдин ауданының
кітапханаларының күні



Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымызда түрлі ісі шаралар жалғасын табуда.  Соның бірі Л.Н.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен облыс кітапханаларының күні жобасы болатын. Ондағы мақсат өңірдегі кітапханалардың жаңа жұмыстарының инновациялық түрлерін анықтау, әріптестерімен бөлісу және кітапхана мен кітап оқуға оқырманның ынтасын арттыру. Бұл жолы Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Жаңғырған өлкем, жасампаз Торғай!» атты кітапханаларының күні болып өтті. Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының алдындағы алаңда, көпшілік көретіндей орталық саябаққа кіре берістің сол жағынан Жангелдин аудандық кітапханасы қарт Торғайдың тарихынан сыр шерте отырып, өзінің көрмелерін жұртшылыққа жайып салды.



Онда ауданның құрылған кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі барлық тарихы: Торғайда кеңес үкіметінің орнауы, 30-шы жылдардағы алапат аштық, Ұлы Отан соғысы жылдары туралы библиографиялық көрсеткіш, Тың, социализмнің даму кезеңінен мағлұмат беретін театрландырылған композициялық қойылымдар, аудандағы Тәуелсіздік жылдарындағы қайта құрулар мен оның дамуы, Астананың 20 жылдығы туралы көрме көрсетілді. Іс-шараға облыстың барлық ОКЖ кітапханашылары, қала тұрғындары мен қонақтары, бұрынғы Жангелдин ауданының тұрғындары келді. Олардың ішінде Нағашыбай Мұқатов, Жандарбек Сейітов, Күлаш Сейітова, Сәрсенгелдин Қойшы және басқалар қатысты.







Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Роза Олжабаева бұл шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының шыққанна бір жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Торғай жері небір таланттарға бай өңір. Бүгінгі шарада соны жан-жақты паш еткені анық көрінеді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл Жангелдин ауданының құрылғанына 90 жыл толғалы отыр. Сонымен қатар Нұрхан Ахметбековтың 125 жылдығы, Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығы, Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы кең көлемде аталып өтпекші. Торғайлық кітапханашылар осы айтулы даталарды да молынан қамтыған, — деді Р.Олжабаева. Мерекелік іс-шара барысында әкелі-балалы композиторлар Бақытжан және Жанболат Сәуекеновтер, дүлділ әнші Отаркүл Мұқатова, жас әншілер Жасұлан Махатов, Байдос Қожасағиев Торғай әндерін әулете шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.




«Бойындағы бар жақсылық қасиеттері үшін мен кітапқа қарыздармын»,- деген екен бір ғұлама деп сөз бастаған зейнеткер, бұрынғы мәдениет қызметкері Сәрсенгелдин Қойшы ағамыз былай деп сөзін жалғастырды. Осыдан алпыс жыл бұрын ба екен, ол кезде мен алтыншы сыныпта оқимын. Аудандық кітапханаға алғаш барып кітап алғым келді. Әлі есімде, Зылиха деген апамыз кітапхананы аралатып, «Он бес жасар капитан» деп аталатын кітапты қолыма ұстатып, «Балам, осы кітапты оқып шық», деді. Менің кітапқа деген ұлы махаббатым содан басталған еді,- деп сонау бір балалық шақтағы кезеңдерінен тартымды естелік айтты. Нұрхан Ахметбековтың немересі Нұрханов Тойғанбол ағамыз да  атасы жайлы мағыналы әңгімесін өрбітті.









«Жаңғырған өлкем – жасампаз Торғай!» атты іс-шарасы күні бойы өз жалғасын тапты. Жангелдин ауданының кітапханашылары көрермендер мен әріптестеріне әдеби театрландырылған композициялық қойылымдар тарту етті. Онда «Торғайдағы зұлмат жылдар» әдеби диалог Баймолдина Дәметкен – Тәуіш ауылдық кітапханасы, «Азаттық аңсаған алаш арыстары» тарихи сағат Аяғанова Орынкүл – Ақшығанақ ауылдық кітапханасы, «Жеңісті жақындатқан Торғайлықтар» библиографиялық көрсеткіш Нұрғазина Майра ОКЖ библиографы, «Әнім сенсің тың далам» әдеби композиция – Бижанова Роза – Қызбел ауылдық кітапханасы мен Қазиханов Нұрлан – Милісай ауылдық кітапханасы, Н.Ахметбековтың 125 жылдығына арналған «Торғайдың топжарғаны Нұрхан ақын» әдеби қонақжай және Қ.Жармағамбетовтың 100 жылдығына «Таланты талайды тәнті еткен» әдеби кеш Шайменова Гүлбану ОКЖ кітапханашысы,  аудандық балалар кітапханасының «Шеберлікке шыңдар жол» клубының жұмысымен танысып, Астананың 20 жылдығына орай «Астанам! Ару қалам, асқақ ордам» көрме викторина Шамшенова Күлшат – Збан ауылдық кітапханасы дайындаған болатын. Тағылымды кешке келгендер қонақтар мен  қала тұрғындары торғайлықтардың қолынан шыққан ұлттық бұйымдар, көне жәдігерлер көрмесін тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Шара соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дастан Әбжамалов пен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Қабуалиевалар облыс орталығының оқырмандарына аудан тұрғындарының ыстық тілегін жеткізіп, торғайлықтардың атынан шексіз алғыстарын айтты.
Амирхан АГИТАЕВ,
Аудандық кітапхана.