Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

среда, 7 октября 2020 г.

Кітапханашылардың медиясауаттылық

тренингі өтті

Өткен аптада шілденің 8-10 аралығында Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасы және ұйымдастыруымен Zoom платформасында аясында кітапханашылардың медиасауаттылық тренингі онлайн форматында өтті. Оған Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының кітапханашылары қатысты. Біздің аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен кітапханашылар Венера Батырова мен Әмірхан Ағытаев қатысты. Төрт облыстың кітапханашыларының басын қосқан тренингтің алғашқы күнін Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ашып, сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтті. Үш күнге созылған тренингі Украина мен Қазақстанның тәжірибелі жаттықтырушылары Хмельницкий орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» құралының авторы Тамара Козицька, Оксана Бондарь, белгілі медиажаттықтырушы Мейрамхан Жапек, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы Аманкелді Шүрентаев және Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Дариға Дюсибаева өткізді. Осы тренингте қатысушыларға ақпаратқа деген қажеттілікті табуды, тануды, медиа және басқа да ақпараттық дереккөздердің ақпараттары мен мазмұнын талдауды, ретке келтіруді және мұқият бағалауды үйренді. Медиа мазмұнды және оны пайдалану нұсқаларын түсіну және ақпаратты сыни бағалау туралы ақпараттар алды. Сонымен қатар «Медиасауаттылық және Fact-checking мәселесі», «Медиалық және ақпараттық сауаттылық негіздері» және де тағы да басқа тақырыпта дәрістер оқылып, кітапханашылардың сұрақтарына жауап беріп, берілген білімді бекіту мақсатында түрлі тапсырмалар беріп, тренингтің барынша қызықты өтуі үшін барын салды. Қатысушылар тапсырмаларды қызыға орындап, бір-біріне сын-сауалдарын да қоя алды. Тренинг соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен медиажаттықтырушыларға алғыстарын айтып, алған білімдерін, алған әсерлерімен бөлісті. Кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталатын болады. Негізгі бұл жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агентігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

                                                                                                                    Әмірхан АҒЫТАЕВ,                                                                               кітапханашы.    

                                                  

 


вторник, 2 июня 2020 г.

М.Дулатұлының 135 жылдығына орай "Бақытсыз Жамал" романы желісінде дайындалған буктрейлер


 

четверг, 14 мая 2020 г.

вторник, 5 мая 2020 г.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Шалабаева Жанар Асанханқызынан қабылдап алып, жалғастырушы Мәлікзадинова Райхан Мәлікзадақызы.


Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Қошеметова Жадыра Қуанышбекқызынан қабылдап алып, жалғастырушы Шалабаева Жанар Асанханқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Ержігітова Анар Мұратқызынан қабылдап алып, жалғастырушы Қошеметова Жадыра Қуанышбекқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Дүйсенова Сауле Бахытжанқызынан қабыл алып, жалғастырушы Ержігітова Анар Мұратқызы.





Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Сәрсекей Гүлбану Құлетқызынан қабыл алып, жалғастырушы Дүйсенова Сауле Бахытқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Ражанова Лиза Сапабекқызынан қабыл алып, жалғастырушы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Абишева Алма Сапаровнадан қабыл алып, жалғастырушы Ражанова Лиза Сапабекқызы.




Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Зейнекина Ляззат Жақсылыққызынан қабыл алып, жалғастырушы Абишева Алма Сапаровна.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын , ҚР Білім саласының үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Хамзина Жұпаркүл Батырханқызынан қабыл алып, жалғастырушы Зейнекина Ляззат Жақсылыққызы.






Ұлы Жеңістің 
75 жылдығына орай 
«Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын бастаушы, ҚР Білім саласының үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Хамзина Жұпаркүл Батырханқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай
    "Ерлікке тағзым" атты жыр эстафетасы





четверг, 23 апреля 2020 г.

Абай Құнанбайұлының туғанынан 175 жыл толуына орай Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау мақсатында аудандық балалар кітапханасының "Өлең сөздің патшасы - Ұлы Абай" атты жас оқырмандарға жолдаған онлайн челленджін жалғастырушы Марат Самұрат Сапарғалиұлы.

среда, 22 апреля 2020 г.

Қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл толуына орай "Заманалық асыл тұлға" атты онлайн виртуалды портретімен оқырмандарды, аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Венера Батырова таныстырады.


вторник, 21 апреля 2020 г.

Қазақ хандығының 555 жылдығына орай

"Ерлік пен елдіктің мекені қазақ елі"
виртуалды көрме


Қазақ хандығының 555 жылдығына орай аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Дидар Жанбосунова "Ерлік пен елдіктің мекені - Қазақ елі" тақырыбында виртуалды көрмесін оқырмандарға ұсынады.


пятница, 17 апреля 2020 г.

Абай Құнанбайұлының туғанынан 175 жыл толуына орай Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау мақсатында аудандық балалар кітапханасының "Өлең сөздің патшасы - Ұлы Абай" атты оқырмандарға жолдаған онлайн челленджін жалғастырушы Н.Г.Иванов атындағы орта мектептің 2 сынып оқушысы, жас оқырман Бақтыбаева Айсана Әмірханқызы.


четверг, 16 апреля 2020 г.

Абай Құнанбайұлының туғанынан 175 жыл толуына орай Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау мақсатында аудандық балалар кітапханасының "Өлең сөздің патшасы - Ұлы Абай" атты оқырмандарға жолдаған онлайн челленджін жалғастырушы жас оқырман Бітімбай Іңкәр Болатқызы.

вторник, 14 апреля 2020 г.

Абай Құнанбайұлының туғанынан 175 жыл толуына орай Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау мақсатында аудандық балалар кітапханасының "Өлең сөздің патшасы - Ұлы Абай" атты жас оқырмандарға жолдаған онлайн челленджін жалғастырушы Жанель Нұрбекқызы мен Өтеулі Мөлдір Қайратқызы.


Абай Құнанбайұлының туғанынан 175 жыл толуына орай Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау мақсатында аудандық балалар кітапханасының "Өлең сөздің патшасы - Ұлы Абай" атты жас оқырмандарға жолдаған онлайн челленджін жалғастырушы Марат Сабина Жомартқызы.



понедельник, 13 апреля 2020 г.



Абай Құнанбайұлының туғанынан 175 жыл толуына орай Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау мақсатында аудандық балалар кітапханасының "Өлең сөздің патшасы - Ұлы Абай" атты жас оқырмандарға жолдаған онлайн челленджін жалғастырушы  жас оқырман Сапар Несіпзейне Серікқызы.







понедельник, 6 апреля 2020 г.

Абай Құнанбайұлының туғанынан 175 жыл толуына орай Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау мақсатында аудандық балалар кітапханасының "Өлең сөздің патшасы - Ұлы Абай" атты жас оқырмандарға жолдаған онлайн челленджін жалғастырушы 5 жасар жас оқырман Сапар Әмина Асхатқызы.


пятница, 27 марта 2020 г.


Құрметті оқырмандар! 
Елімізде қазіргі болып жатқан жағдайға байланысты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оқырмандарды төмендегі сілтемелер арқылы электронды кітаптар топтамасын оқуға шақырады







                                         
                                              Дереккөз:: http://kitap.kz сайтынан алынды.

пятница, 20 марта 2020 г.


Құрметті  біздің  оқырмандар  мен парақшамыздың  қонақтары!

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Салт-дәстүрді білесіз бе!» атты викториналық сұрақтар сайысына ат салысуға шақырамыз!

(Жауабтарды төменде комментариге жазып кетіңіздер)






понедельник, 16 марта 2020 г.


22 - Наурыз мерекесіне орай

«ҚОШ КЕЛДІҢ, НҰРЛЫ МЕРЕКЕ!»


Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай аудандық кітапхананың оқу залында «Қош келдің, нұрлы мереке!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, өлкетануға деген құрметтерін ұлғайту. Кітап көрмесінде «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері», «Қазақтың киіз үйі», «Қош келдің, Наурыз!», «Қазақы дастарқан», «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» тағы басқа да кітаптар қойылған. Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттамақ. 


Бұл кітаптарда табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңаруы туралы және адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жаратыны туралы да айтылған. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл түркі халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. Осындай салт-дәстүр – халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі болмақ. Ендеше, көрмеге қойылған кітаптар бетіндегі мол мағлұматтар, оқырмандарға қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетіндерге пайдасы мол болмақ.
Ә.АҒЫТАЕВ,
аудандық кітапхананың қызметкері.

суббота, 14 марта 2020 г.


Кітапханаға жаңа директор тағайындалды


«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 06 наурыздағы №10 бұйрығымен «Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің директорының лауазымына Абишева Алма Сапарқызы тағайындалды. Жаңа жетекшіні ұжымға аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Торбаев таныстырды.
Абишева Алма Сапарқызы 17 сәуір 1963 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген.


Аудан кітапханалары: атқарылған жұмыстың қортындылары мен дамытудың нақты бағыттары
(семинар-кеңес)




  Аудандық кітапхананың оқу залында кітапханашылардың «Аудан кітапханалары: атқарылған жұмыстың қортындылары мен дамытудың нақты бағыттары» атты I тоқсанның қорытындылау семинар-кеңесі өтті.
Семинар-кеңесте ауыл кітапханашылары «Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің директорының лауазымына жаңадан тағайындалған Абишева Алма Сапарқызымен танысты. Жаңа жетекшіні ұжымға кітапхана әдістемешісі Г.Абдрахманова таныстырды. Бұл семинар-кеңес барысында кітапханашылар алдағы атқарылатын жұмыс бағыттары мен жоспарларын пысықтап алды.
Сондай-ақ, отырыс барысында кітапхананың негізгі бағыттағы жұмыстарын орындауға қатысты маңызды мәселелер айтылды. Жалпы кітапханалардың ағымдағы жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық базасын жаңарту байланысты мәселе талқыланды. Кітапхана жұмысы туралы пікірлер тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Кітапхана ұжымы А.А.Сапарқызына жаңа лауазымымен құттықтап, зор денсаулық, отбасына амандық, жұмысына шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. 
Ә.АҒЫТАЕВ,
аудандық кітапхананың қызметкері.


воскресенье, 23 февраля 2020 г.



           «2020 жыл – Еріктілер жылы»
              «Біз біргеміз!» акциясы аясында





«Жұмыла көтерген, жүк жеңіл»



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 жылды – Еріктілер жылы» деген болатын. «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» дейтін біздер, қандай да бір күрделі істі асар жасап атқаратын, ағайын-туыс, көрші-қоланың шаруасына көмек қолын созуды міндетіміз деп, жетімге пана, әлсізге қамқор болуды парыз деп санайтын қазақ үшін еріктілік жат ұғым емес. Көрсеткен қызметіне еш қайтарым күтпеу – қазақ үшін қанымызда бар қасиет.
2020 жылдың 22 ақпанында кітапхана еріктілері, еріктілер қозғалысының белсенді бейнесін дамыту және жүрмелі кітапхана жұмысын жандандыру мақсатында аудан орталығында тұратын көмекке зәру мұқтаж жандардың үйіне барып көмек көрсетті. Кітапхана еріктілерінің қолдарында жүректің сұлбасында «BIRGEMIZ» жазуы бейнеленген волонтер жылының логотипі мен плакатта жазылған «БІЗ БІРГЕМІЗ!» ұранымен, демалыс күні жұмыстарын бастап кетті. Кітапхана еріктілері тұрақты оқырман Молдабаев Байжан ағамызбен Маржанкүл апамыздың үйіне жағдай сұрай барып, көмек қолын созып, қандай да бір шаруаларына қол ұштарын беріп қайтты. Құр қол бармай, жолай дүкеннен жеміс-жидектер мен шай дастарханының тәтті заттарын ала барды. Сондай-ақ, жүрмелі кітапхана апарып, мерзімді басылым беттерінен елімізде болып жатқан жақсы жаңалықтарды оқып беріп, өз ойларымен бөлісті. Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқылып, биылғы жылы елімізде өтетін атаулы күндерді де хабардар етті.
Сонымен қатар, биылғы «Еріктілер жылының» мақсаты мен бағыттарын түсіндіре отырып, сыртта үйдің маңайын жинастырып, аула іштерін тазалап көмек көрсетті. Демалыс күнгі уақыттарын игі іске арнаған кітапхана еріктілеріне үй иелері алғыстарын жеткізді. Еріктілер жылында «БІЗ БІРГЕМІЗ!» акциясының басты мақсаты – қолға күрек алып, қарды тазалауға атсалысу ғана емес. Әрбір адам өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, көмекке зәру мұқтаж жандар мен жалғыз басты қарттардың үйін тазалап, аула, қора-қопсыларын жинап, аз қамтылған отбасының балаларын ойын-сауық орталығына апарып жатса, ол да пайдалы іс дейді,- ОКЖ директорының міндетін атқарушы Ғ.Абдрахманова. Ендеше, бәріміз жас ерекшеліктерімізге қарамай, мейірімділік пен қайырымдылық жасап, ақысыз көмекті өмір салтына айналдыруымыз қажет. Ең бастысы – ниет пен қолдан келетін іспен көмектесі. Әрі бұл қоғам үшін науқанды жұмыс болып қалмау керек. Кітапхана еріктілері өз белсенділіктерін көрсетіп қана қоймай, көмекке зәру жандарға қолұшын беріп, өмірлік маңызды дағдыларды дамыту барысындағы алғашқы волонтерлік жұмыстарының бастамасы. Бұл үшін біз ешкімнен қолпаштау күтпейміз. Өйткені біздің басты ұранымыз «БІЗ БІРГЕМІЗ!»
Әмірхан АҒЫТАЕВ,
аудандық кітапхананың қызметкері.