Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

понедельник, 26 марта 2018 г.


                                                   
«Хош келдің – Әз Наурыз!»


Наурыз айы тамаша мерекелерге бай, оның ішінде ең бастысы Наурыз мейрамы. Шығыс күнтізбесі бойынша осы күндерден табиғаттың оянуы басталады, ол өзімен бірге көптен күткен жылу, мейірім және көктемді әкеледі. Бұл мереке әрбір елді мекенде, мекемеде ерекше қарқынмен, шаттықпен, берекелі дастархан жасаумен аталып өтіледі.
Сарысу ауылдық кітапханасы да бұдан сыртта қалған жоқ. «Хош келдің – Әз Наурыз!» атты тақырыпта мерекелік кеш өтті. Кеште ауыл оқырмандары қатысты. Мақсаты ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық тағамдарымызды,  ырымдарымызды көрсетіп, оны кеңінен насихаттап, кейінгі жас ұрпаққа қайта жаңғырту. Кітапхана есігі Наурыз мерекесін қарсы алуға келген оқырмандар үшін айқара ашық болды. Қонақтар арасында зейнеткерлер, оқушылар, ауыл тұрғындары болды. Ұлттық нақышта жарқын безендірілген оқырман залына қонақтар жайғасса, екінші жағына берекелі дастархан басына, ұлттық киім киген қатысушылар жайғасты. Кітапханашы Асемгүл Ахметжанова құттықтау сөзін сөйлеп, қатысушыларға сөз кезегін берді.


Кешке қатысушылар жиналған қонақтарды көктем мерекесімен құттықтап, түрлі салт-дәстүрімізді көрсетіп, таныстырды. Сөз барысында күтпеген жерден кешке қатысушылардың жарқын таланттары ашылды.  Наурыз туралы әсем әндер шырқалып, мың бұралған би де өз орнын тапты. Ұлттық тағамдармен таныстыру да қызықты өтті. Дастархандағы тағамдардың көптігі сонша, кешке жауапкершілікпен қарап, белсенді дайындалғаны сезіліп тұрды. Қазақ халқының қонақжайлылығыда көрсетіліп, көрермендерге бауырсақ үлестіріліп, наурыз көже құйылып таратылды. Кітапханашы Асемгүл Ахметжанова оқырмандарды осындай іс-шараларды біріге ұйымдастырып отыруға шақырып, қонақтарды мерекелік дастарханға шақырды. Мұндай отырыстар ұлттық дәстүріміздің ұмыт болмай, қайта жаңғыруына себепкер болатынына сенімділігін білдірді. Ұлыстың Ұлы күні мерекесінде қонақтар көңілді, ризашылықпен үйді-үйге тарасты.
А.Ахметжанова,
Сарысу ауылының кітапханашысы.

вторник, 20 марта 2018 г.


Аудандық балалар кітапханасының 
оқу залында «Кел төрлет, Әз-Наурыз!» 
атты кітап көрмесі шығарылды



понедельник, 19 марта 2018 г.


                                                                                               Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресі –
жалпы ортақ міндет


Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр десек, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдердің қатарына қосылу жолында дамыған сайын сыбайлас жемқорлықта – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қай жерде мол қаражат пен пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі деуге болады. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың, қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздікті тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді деуге болады. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономикамыздың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер участкесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де болса орын алуда.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.
Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - деген болатын.
Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалып жатқанын білеміз. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді ме, жоқ па? Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністері азайды ма? Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, баспа беттерінде, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі, күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Елбасының мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен»,- дегені жұртшылықтың пікірімен үндескендей.
Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылатынын білеміз.
Сыбайластық жемқорлықпен елімізде көбіне қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлердің айналысып отырғанын көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады: -мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы; -құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар; -кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі; -кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы; Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің мүддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындағы тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім. Тәрбие от басынан басталады, ата-анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патриоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Соңғысы болса ләзім. Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

А.АГИТАЕВ,
аудандық кітапхананың қызметкері.




Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!
кітап көрмесі



8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні

Аналар ұлттың байлығы

      Қазақстан қоғамының бүгінгі дамуында әйелдердің рөлі арта түскені анық. Өйткені, әйелін ұлықтаған қоғамның ұтары көп. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күні жеткен табыстарында әйелдер қауымының да қосқан үлесі зор. Сарысу ауылдық кітапханасында  8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай көп балалы аналармен  «Аналар ұлттың байлығы» атты тақырыбында дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді.  Әңгіме барысында отбасының ұйтқысы болып отырған аяулы аналарымыз бойларындағы дарыған қасиетті өнердің қыр-сырларымен бөлісті.  Кітапханаға келген қонақтар мен оқырмандарда «Ана – ұлт тәрбиешісі» атты кітап көрмесі таныстырылды.                                             
                                            А. Ахметжанова,
 Сарысу ауылының кітапханашысы.




«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

Әйел деген әдемі ғой, әдемі  
   

      
      «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сарысу ауылының кітапханасының ұйытқуымен «Ең үздік келін» атты сайысы өтті. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Адамға жарық дүние сыйлаған ана махаббатының құдіретін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Адамзат мекен еткен Жер шарының әр түкпірінде, әр елі мен ошағында мейірім мен ізгіліктің туын тіккен – аналарымыздың ыстық жүрегі, күлім қаққан ажарлы, қамқорлығы мен назының өзіне не жетеді. Жанұядағы ата-ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты келіннің орны ерекше екендігін, от басының ұйтқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру.
                                                                      А.Ахметжанова,
Сарысу ауылының кітапханашысы.

среда, 14 марта 2018 г.

«Жемқорлық – ғасыр індеті»
атты көрме



     Аудандық кітапхананың оқу залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында өткізілген іс-шаралар барысында "Жемқорлық - ғасыр індеті" атты көрме шығарылды. Көрмеде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршаға ортақ іс. Пара алу - бұл қылмыс. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - өзекті мәселе және тағы да басқа тақырыптарда баспа беттерінде жарияланған мақалалар мен кітаптар жиынтығы қойылған.
     Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті арттыру мақсатында кітапхана қызметкерлері оқырмандарға көрме ұсынып, ақпараттық насихаттау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
                               А.АГИТАЕВ,
аудандық кітапхана.

          













понедельник, 12 марта 2018 г.


                                                        

Ана – әр үйдің алтын діңгегі




     
       Бүгін жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі. Яғни, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні. «Ана – әр үйдің алтын діңгегі» атты дәл осындай тақырыппен аудандық кітапхананың оқу залында дөңгелек стөл болып өтті. Дөңгелек стөл барысында негізгі – жалпы отбасылық тәрбие, адамдық тұрғыда қалыптасу, өмірден өз орнын табу жән тағы да басқа тақырыпта өз ойлары жайында келген қонақтармен әңгіме өрбіді. Отырыс қонақтары алтын алқа иегері Ажар Бақытқызы, кітапхананың тұрақты оқырмандары Танагүл Қараболатқызы мен Сарқын Қойшыбайқызы өз ойларын ортаға салып, кітапханашылармен бөлісті. Біз қашанда әйел дегенде – қыз баланы, ананы, жарды көреміз. 
       Осы нәзік жандардың еңсесі биік болса, ер азаматтардың да көңілі көтеріңкі, жүзі жарқын болатыны сөзсіз. Олай болса мерекелеріңіз құтты болсын деп, дөңгелек стөл басында әңгіме өрбітіп, жас ұрпаққа өнегелі іс жасағандарыңыз үшін рахмет айта отырып қонақтарға кітапхана қызметкерлері сыйлықтар табыс етті.
В.Батырова,
кітапханашы.

пятница, 9 марта 2018 г.

АСТАНА - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛОРДАСЫ!


Ертеңгілік өтті

Аудандық балалар кітапханасының оқу залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Өмірде ана – бұлақ, ана – пана, өмірді өркендетер ана ғана!» ертеңгілік өтті. Оған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің даярлық сынап оқушылары қатысты. Анаға деген құрмет пен ізет, мейірім мен сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру, дүниедегі бар жақсылық анадан тарайтынын ұғындыру, ана алдындағы парыз бен міндеттің ең қадірлі екенін жастарға ұғындыру мақсатында өткен ертеңгілікпен қоса оқырмандарға, «Ана – алып бәйтерек» атты кітап көрмесі шығарылды.
С.ОМАРОВА,
балалар кітапханасының кітапханашы.

четверг, 1 марта 2018 г.


Алғыс айту күні


Аудандық балалар кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – асыл қасиет» атты кітап көрмесі шығарылды. Мақсат: жас ұрпақтың санасына сыйластық, ізгілік қасиеттерді сіңіру, аға–ұрпақ өкілдеріне алғыс айту баулу, алғыс пен ризашылықтың мағынасын  түсіндіру.
 Г.ІСКЕНДІР,
балалар кітапханасының 
кітапханашы.