Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

понедельник, 26 марта 2018 г.


                                                   
«Хош келдің – Әз Наурыз!»


Наурыз айы тамаша мерекелерге бай, оның ішінде ең бастысы Наурыз мейрамы. Шығыс күнтізбесі бойынша осы күндерден табиғаттың оянуы басталады, ол өзімен бірге көптен күткен жылу, мейірім және көктемді әкеледі. Бұл мереке әрбір елді мекенде, мекемеде ерекше қарқынмен, шаттықпен, берекелі дастархан жасаумен аталып өтіледі.
Сарысу ауылдық кітапханасы да бұдан сыртта қалған жоқ. «Хош келдің – Әз Наурыз!» атты тақырыпта мерекелік кеш өтті. Кеште ауыл оқырмандары қатысты. Мақсаты ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық тағамдарымызды,  ырымдарымызды көрсетіп, оны кеңінен насихаттап, кейінгі жас ұрпаққа қайта жаңғырту. Кітапхана есігі Наурыз мерекесін қарсы алуға келген оқырмандар үшін айқара ашық болды. Қонақтар арасында зейнеткерлер, оқушылар, ауыл тұрғындары болды. Ұлттық нақышта жарқын безендірілген оқырман залына қонақтар жайғасса, екінші жағына берекелі дастархан басына, ұлттық киім киген қатысушылар жайғасты. Кітапханашы Асемгүл Ахметжанова құттықтау сөзін сөйлеп, қатысушыларға сөз кезегін берді.


Кешке қатысушылар жиналған қонақтарды көктем мерекесімен құттықтап, түрлі салт-дәстүрімізді көрсетіп, таныстырды. Сөз барысында күтпеген жерден кешке қатысушылардың жарқын таланттары ашылды.  Наурыз туралы әсем әндер шырқалып, мың бұралған би де өз орнын тапты. Ұлттық тағамдармен таныстыру да қызықты өтті. Дастархандағы тағамдардың көптігі сонша, кешке жауапкершілікпен қарап, белсенді дайындалғаны сезіліп тұрды. Қазақ халқының қонақжайлылығыда көрсетіліп, көрермендерге бауырсақ үлестіріліп, наурыз көже құйылып таратылды. Кітапханашы Асемгүл Ахметжанова оқырмандарды осындай іс-шараларды біріге ұйымдастырып отыруға шақырып, қонақтарды мерекелік дастарханға шақырды. Мұндай отырыстар ұлттық дәстүріміздің ұмыт болмай, қайта жаңғыруына себепкер болатынына сенімділігін білдірді. Ұлыстың Ұлы күні мерекесінде қонақтар көңілді, ризашылықпен үйді-үйге тарасты.
А.Ахметжанова,
Сарысу ауылының кітапханашысы.

Комментариев нет:

Отправить комментарий