Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

понедельник, 16 марта 2020 г.


22 - Наурыз мерекесіне орай

«ҚОШ КЕЛДІҢ, НҰРЛЫ МЕРЕКЕ!»


Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай аудандық кітапхананың оқу залында «Қош келдің, нұрлы мереке!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, өлкетануға деген құрметтерін ұлғайту. Кітап көрмесінде «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері», «Қазақтың киіз үйі», «Қош келдің, Наурыз!», «Қазақы дастарқан», «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» тағы басқа да кітаптар қойылған. Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттамақ. 


Бұл кітаптарда табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңаруы туралы және адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жаратыны туралы да айтылған. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл түркі халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. Осындай салт-дәстүр – халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі болмақ. Ендеше, көрмеге қойылған кітаптар бетіндегі мол мағлұматтар, оқырмандарға қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетіндерге пайдасы мол болмақ.
Ә.АҒЫТАЕВ,
аудандық кітапхананың қызметкері.

Комментариев нет:

Отправить комментарий