Семинар - 2016
«Тарихы терең - Ұлы ел!»
Ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай Арқалық қаласының №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында «Ы.Алтынсарин тағылымы: кеше және бүгін» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға облыстық мәдениет басқармасының қызметкері И.Шевко, облыстық Л.Толстой атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Д.Дүйсебаева қатынасты. Жангелдин ауданының кітапханалар жүйесі үш нүктеде «Тарихы терең – Ұлы ел!» библио-аялдама аялдамасын ұйымдастырды.
Бірінші аялдама - Сужарған ауылдық округі. Бұнда Ы.Алтынсариннің Торғай жеріндегі бірінші мектебі, алғашқы оқушылары жөнінде театрландырылған көрініс көрсетілді.
Екінші аялдама - Сарысу. Бұл жерде көрермендер назарына жазушы Т.Ахтановтің «Боран» шығармасынан шағын спектакль ұсынылды. Спектакльде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыр тұрмыс жайында баяндалады.
Ал, үшінші аялдама - Жаркөл ауылдық округі. Ұлт - азаттык көтерілісінің 100 жылдығына орай А.Имановтің өмірі жөнінде «Татыр шайқасы» қойылымы көрсетілді. Барлық қойылымдарда кітапханашылармен бірге жергілікті кітапхана оқырмандары қатынасты.
Ә.БАҚТЫБАЙҰЛЫ.
Комментариев нет:
Отправить комментарий