Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

пятница, 19 февраля 2016 г.

1 - наурыз Алғыс айту күні мерекесі

Алғыс күні кітапханада


Суретте: "Салт-дәстүр - асыл қазынам" атты дөңгелек үстелден көрініс.
     
        Елбасымыздың Жарлығымен көктем айының бірінші күні – Алғыс айту күні болып белгіленгенін баршамыз жақсы білеміз. Жалпы Алғыс алу біздің халқымыз үшін өте қымбат қазына. Осы айтулы күнге орай Қ.Дармағанбетов атындағы аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты дөңгелек үстел басында әңгіме өткізілді. Әңгіме аясында «Салтым – асыл қазынам» тақырыбында слайд пен видеоролик көрсетілді.  Жұмысты жүргізген кітапханашылар В.Батырова, А.Ділмағанбетовалар көрмемен және шақырылған қонақтармен таныстыра келе жұмыстың мазмұнына тоқталды.
       Негізі салтымызды, дәстүрімізді, ырымдарымызды жас ұрпақтың ұмытпай жалғастыруы өте қажет. Жұмысқа қатысқан Ш.Уалиханов орта мектебінің 
8 сынып оқушыларын бастап келген ұстаз Амангелдина Әминаға және мектеп ұжымына айтар алғысымыз зор. Әңгіме барысында зейнеткер Есен Қабылов өзі жасап, өзі қолданған ашамай жайында жан-жақты айтып берді. Тағы бір зейнеткер анамыз Тұрсынкүл Шоқатқызы қазақ қызының өз жұртынан ұзатылып бара жатқанда айтатын сыңсуды өзі орындап, мағынасын айтып берді.
      Кітапхана саласында көп жыл еңбек етіп жүрген Қарлығаш Бірмағанбетова кітапханашы Г.Әбеудің баласы Дарханның тұсаукесер рәсімін көрсетті. Тұсаукесерге пайдаланатын заттар, олардың мәні жөнінде айтып берді. 
      Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бірмағанбетов, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Ахметжанов және зейнеткер ұстаз Г.Иманғалиевалар әсерлі де тартымды әңгімелер айтты. Жалпы іс-шара өте мазмұнды болып өтті. Кітапхана басшысы Р.Қабдуалиева қатынасушыларға зор алғысын білдіре отыра, сый-сияпат жасады.
Г.ШАЙМЕНОВА,
кітапханашы.
    

Комментариев нет:

Отправить комментарий