Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

понедельник, 12 марта 2018 г.


                                                        

Ана – әр үйдің алтын діңгегі




     
       Бүгін жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі. Яғни, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні. «Ана – әр үйдің алтын діңгегі» атты дәл осындай тақырыппен аудандық кітапхананың оқу залында дөңгелек стөл болып өтті. Дөңгелек стөл барысында негізгі – жалпы отбасылық тәрбие, адамдық тұрғыда қалыптасу, өмірден өз орнын табу жән тағы да басқа тақырыпта өз ойлары жайында келген қонақтармен әңгіме өрбіді. Отырыс қонақтары алтын алқа иегері Ажар Бақытқызы, кітапхананың тұрақты оқырмандары Танагүл Қараболатқызы мен Сарқын Қойшыбайқызы өз ойларын ортаға салып, кітапханашылармен бөлісті. Біз қашанда әйел дегенде – қыз баланы, ананы, жарды көреміз. 
       Осы нәзік жандардың еңсесі биік болса, ер азаматтардың да көңілі көтеріңкі, жүзі жарқын болатыны сөзсіз. Олай болса мерекелеріңіз құтты болсын деп, дөңгелек стөл басында әңгіме өрбітіп, жас ұрпаққа өнегелі іс жасағандарыңыз үшін рахмет айта отырып қонақтарға кітапхана қызметкерлері сыйлықтар табыс етті.
В.Батырова,
кітапханашы.

пятница, 9 марта 2018 г.

АСТАНА - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛОРДАСЫ!


Ертеңгілік өтті

Аудандық балалар кітапханасының оқу залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Өмірде ана – бұлақ, ана – пана, өмірді өркендетер ана ғана!» ертеңгілік өтті. Оған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің даярлық сынап оқушылары қатысты. Анаға деген құрмет пен ізет, мейірім мен сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру, дүниедегі бар жақсылық анадан тарайтынын ұғындыру, ана алдындағы парыз бен міндеттің ең қадірлі екенін жастарға ұғындыру мақсатында өткен ертеңгілікпен қоса оқырмандарға, «Ана – алып бәйтерек» атты кітап көрмесі шығарылды.
С.ОМАРОВА,
балалар кітапханасының кітапханашы.

четверг, 1 марта 2018 г.


Алғыс айту күні


Аудандық балалар кітапханасында Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – асыл қасиет» атты кітап көрмесі шығарылды. Мақсат: жас ұрпақтың санасына сыйластық, ізгілік қасиеттерді сіңіру, аға–ұрпақ өкілдеріне алғыс айту баулу, алғыс пен ризашылықтың мағынасын  түсіндіру.
 Г.ІСКЕНДІР,
балалар кітапханасының 
кітапханашы.

понедельник, 26 февраля 2018 г.


Астананың 20 жылдығына орай

Астана - арман қала


     
       Аудандық балалар кітапханасында Астананың қаласына 20 жыл толуына  орай аудандық балалар кітапханасында балалардың қиялындағы  болашақтағы астана тақырыбымен «Астана  - арман  қала» атты сурет салу ұйымдастырылды. 



       Оған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты. Болашақ астанамызды өз қиялдарында суретпен өрбіткен оқушылар бір-бірімен жарыса сурет салып, жақсы әсер алды.
С.Омарова,
балалар кітапханасының
кітапханашысы.


понедельник, 5 февраля 2018 г.

Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі


Кітап – біздің теңдесіз байлығымыз. Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, білім мен тәрбие беретін құрал. Ендеше  балалардың кітап оқуына басшылық жасау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту мақсатында «100 кітап» жобасы аясында Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқу залында «Кітап – рухани байлықтың қайнар көз» атты осындай тақырыппен іс шара өтті.



Оған кітапхананың тұрақты оқырмандары, оқушылар мен ұстаздар қатысты.  Оқушылар өздерінің ойларында жүрген кітап туралы сұрақтарын жарыса қойып, оған өз жауаптарын алды. Сонымен қатар өздерінің дайындап келген көріністерін қойды. Кітап оқу - адамның дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытады дей отырып, оқырмандарымыз қатысушыларға алғыстарын білдірді. Халқымызда «Ізденген – жетер мұратқа» деген дана сөз бар. Яғни әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. 


Сондықтан, білім мен тәрбие беретін кітапты оқуды, кітапханаға келуді ұмытпайық. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көп болсын деп келгендерге кітапхана ұжымы алғыстарын білдірді.
В.БАТЫРОВА,
кітапханашы.

четверг, 18 января 2018 г.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында өткен
Нұрхан Ахметбековтің 115 жылдығына орай



"Ақындардың дүлділі" атты жыр мүшәйрасы өтті

       Аудандық кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында, 12 қаңтар күні Қазақстанның халық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрхан Ахметбековтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ақындардың дүлдүлі» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. 
    Ақынның рухын тербетіп, оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығуды арттыруды, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Олардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын өлең өзегіне арқау ете отырып, қалың жұртшылыққа паш ету. Мүшәйраға 33 үміткер өлеңдерін тапсырды. Үміткерлер ақын Н.Ахметбековке арналған өлеңдерімен қоса, еркін тақырыпта 3 өлең тапсырды.


    2018 жылдың 12 қаңтарында өткізілген іріктеу кезеңінде әділқазылар алқасының мүшелері әрбір ұсынылған шығарманың тақырыбы жағынан байқау шартына сәйкестігін, идеялық мазмұны, көркемдік сапасына назар аударып, ақтық сынға  қатысатын 25 үміткерді іріктеп алған болатын. Мүшәйрада «Ақындардың дүлдүлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның өлеңдер, айтыстар және дастандар жинақтар кітабы, фотосуреттері қойылды. Онда көрмеге шолу және әңгімелесу өткізілді, оқырмандарға анонимді сауалнаманың сұрақтары ұсынылды. Сауалнамаға қатысқан оқырмандардың жартысынан көбі заманауи авторларды біледі және қуана-қуана оқитындарын жеткізді. Ақын Нұрхан Ахметбековтың немерелері Тойғанбол Мәлікзадаұлы мен Райхан Мәлікзадақызы сыйлы қонақ болып, келген оқырмандар мен мүшәйраға қатысушыларға ақынның өмірі жайлы терең, мағыналы мағлұмат берді. Ақтық сында әділқазылар алқасының мүшелері жыр мүшәйрасында оза шапқан жүлдегерлер мен байқау жеңімпазын анықтап, тиісті жүлделерді үлестірді. 
  Екі кезеңде де оқушылар әділқазылардың көңілінен шыға білді. 1-шіден өздерінің таланттарыменен, 2-шіден алған ақын өлеңдерінің мазмұны және оны нәшіне келтіре оқып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Жыр мүшәйрасына қатысушылардың өнеріне оқырмандар да тәнті болғанын жеткізді.
    

    
      Н.Ахметбеков атындағы арнай жүлдені - Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары - Қазым Батырұлан 9 сынып оқушысы және Бақытжан Ержан 3 сынып оқушысы иеленді. «Жас ақын» номинациясын ақын Нұрхан Ахметбековтың шөбересі Сейітбаттал Маржан - Ы.Алтынсарин орта мектебінің 6 сынып оқушысы иеленді.
    І орынды - Қабен Диана мен Сәбитбек  Ақбота Аманкелді орта мектебінің 10 сынып оқушылары және Тұрай Ерасыл -Ш.Уәлиханов атындағы орта  мектебінің 10 сынып оқушысы иеленді. ІІ орынды - Нұрмұхамед Бекзат Бауыржанұлы - Қ.Қойдосов мектебінің 9 сынып оқушысы. Ал ІІІ орынды - Бейсен Айкүміс Ы.Алтынсарин орта мектебінің 7 сынып оқушысы мен Тойшыбек Аяулым - Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысына бұйырды. Басқа мүшәйраға қатысушылар ақшалай жұбаныш жүлделеріне ие болды. «Ақындардың дүлдүлі» атты жыр мүшәйраның жеңімпаздары мақтау қағаздар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
  

    Кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының аясында, өткен Қазақстанның халық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Н.Ахметбековтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ақындардың дүлдүлі» атты жыр мүшәйрасына қонақ болып ақынның немерелері қатысты. Сондай-ақ, оқырмандар, мұғалімдері және оқушылар барлығы 35 адам қатысты.     

       Қорытындылай келе қазіргі уақытта әдебиетті оқу дағдарысы байқалады, бұл компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуымен, ақпараттық технологиялардың өсіп келе жатқан әсерімен байланысты. Кітаптың күшті және агрессивті бірден-бір бәсекелесі – интернет, әлеуметтік желілер мен әр түрлі электронды баспалар. Әрине, жастар өздерінің виртуалды кеңістіктерінде көңіл көтеруді қалайды, сирек және аз оқиды. Осыған қарамастан, кітап оқу - жастардың қалауы бойынша соңғы орында емес. Сондықтан біз үшін оқырмандарды қызықтыру өте маңызды. Олардың кітапханаға келіп, кітап оқуы үшін, әр түрлі іс-шараларды жиі ұйымдастыру. Осы өңірден шыққан ақын жазушылардың шығармаларын кеңінен таныту. Олардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын өлең өзегіне арқау ете отырып, қалың жұртшылыққа паш ету. Оқырмандардың кітапхана мен кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
А.АГИТАЕВ,
аудандық кітапхана.