Құрметті оқырмандар! Кітапхананы пайдаланушылар! Блогымызға қош келдіңіздер! Біздің Google-дегі сілтемеміз: https://jancbsmailin.blogspot.com Мекен-жайымыз: Қ.Алтынсары көшесі 69 үй. Тел: 8(71439) 21-2-89. Электронды поштамыз: cbs_jan@mail.ru

среда, 7 октября 2020 г.

Кітапханашылардың медиясауаттылық

тренингі өтті

Өткен аптада шілденің 8-10 аралығында Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасы және ұйымдастыруымен Zoom платформасында аясында кітапханашылардың медиасауаттылық тренингі онлайн форматында өтті. Оған Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының кітапханашылары қатысты. Біздің аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен кітапханашылар Венера Батырова мен Әмірхан Ағытаев қатысты. Төрт облыстың кітапханашыларының басын қосқан тренингтің алғашқы күнін Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ашып, сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтті. Үш күнге созылған тренингі Украина мен Қазақстанның тәжірибелі жаттықтырушылары Хмельницкий орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» құралының авторы Тамара Козицька, Оксана Бондарь, белгілі медиажаттықтырушы Мейрамхан Жапек, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы Аманкелді Шүрентаев және Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Дариға Дюсибаева өткізді. Осы тренингте қатысушыларға ақпаратқа деген қажеттілікті табуды, тануды, медиа және басқа да ақпараттық дереккөздердің ақпараттары мен мазмұнын талдауды, ретке келтіруді және мұқият бағалауды үйренді. Медиа мазмұнды және оны пайдалану нұсқаларын түсіну және ақпаратты сыни бағалау туралы ақпараттар алды. Сонымен қатар «Медиасауаттылық және Fact-checking мәселесі», «Медиалық және ақпараттық сауаттылық негіздері» және де тағы да басқа тақырыпта дәрістер оқылып, кітапханашылардың сұрақтарына жауап беріп, берілген білімді бекіту мақсатында түрлі тапсырмалар беріп, тренингтің барынша қызықты өтуі үшін барын салды. Қатысушылар тапсырмаларды қызыға орындап, бір-біріне сын-сауалдарын да қоя алды. Тренинг соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен медиажаттықтырушыларға алғыстарын айтып, алған білімдерін, алған әсерлерімен бөлісті. Кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталатын болады. Негізгі бұл жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агентігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

                                                                                                                    Әмірхан АҒЫТАЕВ,                                                                               кітапханашы.    

                                                  

 


вторник, 2 июня 2020 г.

М.Дулатұлының 135 жылдығына орай "Бақытсыз Жамал" романы желісінде дайындалған буктрейлер


 

четверг, 14 мая 2020 г.

вторник, 5 мая 2020 г.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Шалабаева Жанар Асанханқызынан қабылдап алып, жалғастырушы Мәлікзадинова Райхан Мәлікзадақызы.


Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Қошеметова Жадыра Қуанышбекқызынан қабылдап алып, жалғастырушы Шалабаева Жанар Асанханқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Ержігітова Анар Мұратқызынан қабылдап алып, жалғастырушы Қошеметова Жадыра Қуанышбекқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Дүйсенова Сауле Бахытжанқызынан қабыл алып, жалғастырушы Ержігітова Анар Мұратқызы.





Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Сәрсекей Гүлбану Құлетқызынан қабыл алып, жалғастырушы Дүйсенова Сауле Бахытқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Ражанова Лиза Сапабекқызынан қабыл алып, жалғастырушы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Абишева Алма Сапаровнадан қабыл алып, жалғастырушы Ражанова Лиза Сапабекқызы.




Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын Зейнекина Ляззат Жақсылыққызынан қабыл алып, жалғастырушы Абишева Алма Сапаровна.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын , ҚР Білім саласының үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Хамзина Жұпаркүл Батырханқызынан қабыл алып, жалғастырушы Зейнекина Ляззат Жақсылыққызы.






Ұлы Жеңістің 
75 жылдығына орай 
«Ерлікке тағзым» атты жыр эстафетасын бастаушы, ҚР Білім саласының үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Хамзина Жұпаркүл Батырханқызы.



Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай
    "Ерлікке тағзым" атты жыр эстафетасы